Ақжар ауданындағы шаруашылықтардың бірінің иесі қоймадан 540 мың теңге тұратын 90 литр гербицид жоғалғанын айтып, полицияға хабар берген. Жәбірленушінің айтуынша, былтыр жазда ұрлануы мүмкін. Қылмыс орын алғанына біраз уақыт өтсе де, аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері күдіктілерді сол күні анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Олар шаруашылықтың 3 жұмысшысы болып шықты. Гербицидтердің қаптамасы күдіктілердің бірінің жертөлесінен табылды. Қылмысқа қатысы барлар гербицидті ауыл тұрғындарына сатпай, басқа жаққа апарып өткізбекші болған.
Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұрланған зат иесіне қайтарылып, материалдар сот қарауына жіберілді.
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен