СҚО тұрғыны ескі ойыншықтар жинайды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл тұрғыны Анна Ляшенко өткен ғасырдағы 60-80-інші жылдардағы ойыншықтарды жинаумен әуестенеді. Балалық шақты еске түсіріп, ерекше әсер сыйлайтын қуыршақтар ботаникалық бақтан орын тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Анна Ляшенко 18 жыл бұрын өзіне ерекше ермек тапқан. Осы уақыт аралығында 100-ге жуық экспонат жинапты. Оның ішінде ертегі кейіпкерлері, жұмсақ және құрастырылатын ойыншықтар, автокөліктер, кубиктер мен кітаптар да бар.

–Мен бала кезімде өзім ұстаған ойыншықтарды қайта жандандырғым келді. Олардың барлығын жинап, көрме өткізуді бұрыннан бері ойластырып жүрдім. Экспонаттардың бір бөлігін жақындарым мен көршілерім берді. Мұнда өзімнің ең алғашқы қуыршағым да бар. Ойыншықтардың киімдерім өзім тіктім,-дейді қала тұрғыны.

Көрмедегі ойыншықтардың дені – қуыршақтар. Мәселен, «Степка» қуыршағы 1971 жылғы, Пенза фабрикасынан шыққан.

– Мұндай хоббиімді туыстарым бастапқыда дұрыс түсінбеді. Бірақ, уақыт өте келе, бұл істің мен үшін маңызды екенін біліп, қолдау көрсете бастады. Құр хобби ғана емес, естелік коллекция екенін көрген жақындарым артынан кейбір жәдігерлерді өздері әкеліп тапсырып отырды. Тіпті, ескі ойыншықтарын лақтырып тастамақ болған жандар инстаграмм парақшамда көрме туралы хабарламаны көріп, маған берді,-дейді Анна Ляшенко.

Оның айтуынша, өткен ғасырда жасалған ойыншықтардың кейбірі әбден ескіріп, тозған күйде түседі екен. Анна оларды ретке келтіріп, жөндеп қойған.

Балалық шақтан сыр шертетін ойыншықтардың көрмесі ботаникалық бақта сәуірдің 30-на дейін өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz