Петропавлдағы коммуналдық мекеме кәсіпкерлерге қарызын қайтаруға асығар емес

Авторы: Qyzyljar News

Жеке кәсіпкер Мұрат Карбузов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновке кәсіпкерлік қызмет субъектілері алдындағы өзінің міндеттемелерін орындамайтын «Коммунхоз» мемлекеттік комуналдық кәспорнына арызданды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Былтыр наурыз айында кәсіпкер «Коммунхоз» кәспорнымен бейнебақылау жүргізу туралы шарт жасасасқан.

-Қазіргі уақытта біздің кәсіпорында қиындықтар туындап отыр. Нақтырақ айтсам, Коммунхоз соңғы 6 айда орындалған жұмыс үшін ақымызды төлеген жоқ. Мекеменің бізге берешегі 2 160 000 теңге. Менің өтінішіме Петропавл қалалық ТҮКШ бөлімі ақша бөлмей жатыр деп жауап берді, — деді Мұрат Карбузов.

СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев «Коммунхоз» кәсіпорнының басқа кәсіпкерлер алдында да берешегі барын атап өтті.

-Бүгінгі таңда коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға қатысты 18 іс жүріп жатыр. Бизнес субъектілері алдындағы жалпы қарызы 400 миллион теңгеден асады. Яғни бұл жалғыз оқиға емес. Бұл мәселені қарап, біз жергілікті атқарушы органдарға берешектерді өтеу үшін қаражат бөлу керегін айттық, нақты осы жағдай бойынша сот арқылы немесе нотариалдық көмек көрсету арқылы берешекті өндіріп алу бойынша жәрдемдесуге дайынбыз, — деді Жеңіс Қазиев.

Осы ретте Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Дархан Әмрин облыс басшылығы бұл мәселеден хабардар екенін атап өтті.

-Бұл мәселені бірнеше кәсіпкер көтерді. Проблема заң аясында сот арқылы шешіледі, — дейді Дархан Әмрин.

Бизнес-омбудсмен жергілікті атқарушы органдар мен бюджет комиссиясына кезекті бюджетті нақтылау кезінде кәсіпкерлер алдындағы 400 миллион теңге көлеміндегі берешекті өтеуге қаражат қарастыруды ұсынды. Ал кәсіпкерлер палатасы мен СҚО бойынша омбудсмен кеңсесіне берешекті өндіріп алу бойынша сот өндірісін бастап, осындай өтініштерге талдау жүргізу және бюджет комиссиясының қаражат бөлу мәселесін бақылауды тапсырды.

Фото: СҚО кәсіпкерлер палатасынан

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz