Қазақстанда 60-қа жуық жаңа мамандық пайда болды

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстанда бұрын болмаған 60-қа жуық жаңа мамандық ашылды. Ал 50-ге жуығы бойынша оқыту тоқтатылды. Бұл жайында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Осы күнге дейін қандай пәннің неше сағат оқытылатыны және олардың мазмұны министрлік арқылы реттелетін еді. Нарық талаптары болса тез өзгеріп отыратыны мәлім. Сондықтан жүйе ескіріп, білім беру бағдарламалары сәйкес келмей қалатын.

-Енді университеттерге академиялық дербестік беріліп, олар білім беру бағдарламаларын кәсіби стандарттарға сәйкес әзірлейді. Яғни, енді мемлекет емес, оқу орны жұмыс берушілермен бірлесе отырып, оқу бағдарламаларын реттеуге мүмкіндік алды, — деді Білім министрі Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Сонымен қатар, колледждерге де академиялық дербестік берілуде. Бұған дейін студенттер 2-4 жылға дейін оқып, жұмыс берушінің талаптары ескерілмеді. Мектепте оқыған пәндер қайталанып, бір ғана біліктілік алып шығатын. Енді колледждерге кәсіптік стандарттар негізінде оқыту бағдарламасын дербес әзірлеп, оқу мерзімдерін өздері айқындай алады және түлек үш мамандыққа дейін алып шығады.

— Дайын болған кәсіби стандарттар бойынша университеттерде 4 мыңнан астам бағдарлама жаңартылды. Бұрын болмаған жасанды интеллект, IT-медицина, цифрлық заңгер сияқты 269 жаңа бағдарлама енгізілді. Бұлар «Жаңа болашақ мамандықтар атласына» сәйкес ашылып отыр, — деді Асхат Аймағамбетов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz