Айыртау ауданының полицейлері жедел-профилактикалық іс-шара барысында жергілікті тұрғыннан 16 калибрлі «ИЖ» мылтығын тәркіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Мылтық иесінің айтуынша, қару қайтыс болған туысына тиесілі болған.
Қауіпті зат қолжетімді орында — шифоньердің ішінде сақталған. Мылтық тәркіленіп, ер адамға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленуі, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы» бойынша материал жинастырылды.
3 ақпаннан бастап облыс аумағында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталған болатын, нәтижесінде заңсыз айналымнан тіркелмеген 43 қару, 44 оқ-дәрі тәркіленді.