Ұлы Отан соғысына қатысқан солтүстікқазақстандық сарбаздың жерленген орны Норвегиядан табылды

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстанның Ослодағы елшілігі Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Норвегияда тұтқында қаза тапқан сарбаздардың жаңартылған тізімін жариялады. Құжатта 18 қазақстандықтың есімдері мен жерлеу орындары көрсетілген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Соңғы айларда қазақстандық 18 сарбаздың есімі мен жерленген жері анықталды. Қазақстандықтардың жалпы саны — 74 адам,-деп мәлімдеді Қазақстанның Норвегиядағы елшілігінің баспасөз қызметі.

Анықталғандай, сарбаздар Алматы мен Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының тумалары мен осы өңірден әскерге шақырылғандар.

Әскери тұтқында қаза тапқан қазақстандықтардың арасында Михаил Николаевич Шевцов та бар. Ол 1911 жылы 17 қыркүйекте Петропавл қаласында дүниеге келген. Сарбаз 1941 жылы 8 шілдеде тұтқынға түсіп, сол жылы 2 желтоқсанда Шевцов қайтыс болған.

Елшілік бұл ақпарат сарбаздың ұрпақтарын, туыстары мен достарын табуға көмектеседі деген үмітте.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz