375 солтүстікқазақстандық балаға қойылатын профилактикалық екпеден бас тартты

Авторы: Qyzyljar News

Былтыр 375 солтүстікқазақстандық 18 жасқа дейінгі балаға қойылатын профилактикалық екпеден бас тартты. Мамандар қарсы болған адамдарға вакцинацияның маңыздылығын түсіндірді. Нәтижесінде, 109 тұрғын препаратты қойғызды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, облыста 1 жасқа толмаған 5700 бала гепатитке қарсы вакцинация алуы керек. Препаратқа қарсы көрсетілім болғандықтан, 447-сіне екпе қойылмапты. Сонымен қатар,103-інің ата-анасы екпе алуға үзілді-кесілді қарсы болған. 463 бала полиомиелитке қарсы екпе алмаған, оның ішінде 121-і ата-анасының бас тартуына байланысты.
Пневмококк инфекциясына қарсы 670 бала вакцина алған жоқ. Сегіз адам профилактикалық егуден бас тартты, қалған жағдайларда сәбилерге екпе алуға медициналық қарсы көрсетілім тағайындалыпты.

-Былтыр Ғабит Мүсірепов ауданындағы жағдайды қоспағанда, вакцинаға байланысты инфекциялар тіркелмеді. Ақжар ауданында 1 адам сібір жарасымен сырқаттанды. Туберкулезбен ауыру деңгейі 15% — ға төмендеді. Жаңа 183 жағдай анықталып отыр. Жалпы, жұқпалы аурулар мен аса қауіпті инфекциялардың көпшілігі бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, — деді облыстың бас санитар дәрігері Әсет Жұматаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz