Облыста 3 айдың ішінде отбасылық-тұрмыстық кикілжіңдерге қатысты 561 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Бұған қатысы бар 170 адам қамауға алынды. 83-іне ескерту жасалып, біреуіне айыппұл салынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Полицейлердің мәліметінше, әдетте үйдегі жанжалға жұмыссыздық пен маскүнемдік себеп болады. Жалпы жыл басынан бері өңірде зорлық-зомбылық көрген адамдарға қатысты 847 қорғау ұйғарымдары шығарылды.
-Тұрмыс саласында құқық бұзған тұлғалар учаскелік полиция инспекторлары мен әйелдерді қорғау жөніндегі инспекторлардың ерекше бақылауында. 2017 жылы облыста «Әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі жанында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының уақытша болу және тұру орталығы» құрылды. 2021 жылы аталған орталыққа СҚО полиция департаменті қызметкерлерінің көмегімен 74 адам орналастырылды. Оның 28-і әйел, 46-сы бала, — деді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.
СҚО ПД баспасөз қызметі