Грек-рим күресінен сынға түскен балуандар 10 медаль алып, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жарыстың 2 күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық балуандар 2 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Олар 180 ұпай жинады, бұл жерлестерімізге командалық есепте бірінші болуға мүмкіндік берді.
Екінші орында – 151 ұпай алған Иран балуандары, 133 ұпай еншілеген Қырғызстан спортшылары үшінші орынға тұрақтады.
Фото: ашық дереккөздерден