Қазақстан мектептерінде Жеңіс күніне арналған іс-шаралар өткізілмейді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінде Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне арналған мектепішілік іс-шаралар өткізілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Білім министрлігі мектептерде Жеңіс күніне орай іс-шаралар өткізу жоспары жоғын хабарлады.

— Әскери киім мен атрибуттарды, сондай-ақ театрландырылған көріністерді қоюдың еш қажеті жоқ. Білім беру ұйымдарына ұсыныстар жіберілді,-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Дегенмен, мектептерде патриоттық тәрбие, ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің жеңіске қосқан үлесі, Отанға деген сүйіспеншілік, бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығы тақырыбында сынып сағаттары өткізіледі.

Фото:Nur.kz

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz