22 сәуірде Петропавлдан Омбыға баратын автобустар жолға шығады. Әзірге, билет құны – өзгеріссіз, 2 жыл бұрынғы баға сақталады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Автобус Петропавлдан күн сайын 16:50 -де шығып отырады. Билет құны — 3200 теңге.
Оған қоса, сәуірдің 26-сынан бастап «Қарағанды-Петропавл-Екатеринбург» бағыттары бойынша жүретін автобус жолға шығады. Аталған бағыттарда қатынайтын көлік әзірге аптасына бір рет жүреді деп жоспарлануда.
Билет құны:
Петропавл — Қорған — 7 000 теңге;
Петропавл — Челябі — 9 500 теңге;
Петропавл- Екатеринбург — 12 500 теңге.
Сапаржай әкімшілігі алдағы уақытта билеттерді қашықтан сату жағын қарастыруда.
Фото: ашық дереккөздерден