Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов инвестициялық штаб отырысында негізгі капиталға инвестициялар тарту бойынша көшбасшы өңірлер мен артта қалған облыстарды атады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестиция тарту бойынша Шымкент қаласы, Ақтөбе және Қостанай облыстары көш бастап тұр.
Ал Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары керісінше артта қалған.
-Біз мемлекеттік органдарда мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуде белгілі бір қиындықтар бар екенін көріп отырмыз. Артта қалған орталық мемлекеттік органдар мен өңірлер бұл мәселеге назар аударуы керек. Негізгі капиталға инвестиция тарту жұмысын жандандыруды және осы мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырамын. Министрлер мен әкімдер бұған тікелей жауапты. Мәселен, былтыр Мәдениет және спорт, Денсаулық сақтау министрліктері инвестиция тартуда сылбырлық танытқан. Биыл бұл олқылық жойылуы тиіс, – деді Үкімет басшысы.
Фото: ашық дереккөздерден