Эксгумация табыттың басқа жерге көшірілгенін растады

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғыны зираттағы марқұмның денесін өз бетінше басқа жерге көшірген. Елді елең еткізген оқиғадан кейін қабірге эксгумация жүргізілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Сотқа дейінгі тергеу кезінде Ғабит Мүсірепов ауданының полицейлері мәйітке эксгумация жүргізді. Тергеу барысында мәйіттің басқа жерге жерленгені анықталды. Былтыр қыркүйекте жерленген ер адамның денесі қабірден алты метр жерден табылды, — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір Қылмыстық кодекстің 314-бабы («қайтыс болғандардың денесін және оларды жерлеу орындарын қорлау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Заңнамаға сәйкес қайтыс болғандардың денелерін және оларды жерлеу орындарын қорлағандарға үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін. Немесе осыншама мөлшерде түзеу жұмыстарына, болмаса 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылуы, немесе 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айырылуы ықтимал.

Фото: Sputnik.kz

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz