24 сәуірге қараған түні православ христиандары Пасха діни мейрамын атап өтеді. Мереке еліміздің барлық ғибадатханаларында карантиндік шектеусіз өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Биыл барлық қазақстандықтар шіркеулерге кедергісіз кіріп, діни мерекені емін-еркін тойлай алады,- деді Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр «Интерфакс-Қазақстан»баспасөз орталығына берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, 2020-2021 жылдары мерекелік шараларды өткізуге шектеулер енгізілген болатын.
Фото: ашық дереккөздерден