Сәуірдің 22-23 аралығында Петропавлда қазақ күресінен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен чемпионат өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Дүбірлі дода Қазақстан полициясының 30-жылдығына арналып отыр. Александр Винокуров спорт сарайында өтетін жарысқа облыстардағы полиция департаменттерінің 18 құрама командасы, сондай-ақ «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы орталық кеңесінен 8 команда іріктелген, барлығы 150 спортшы қатысады. Спорт сайысының ашылу салтанаты бүгін 15:00-де болады.
Балуандар 66, 74, 82, 90, 100 және 100 келіден жоғары — 6 салмақ дәрежесі бойынша белдеседі. Ақтық тартыс және жарыстың жабылу салтанаты сәуірдің 23-і өтеді. Чемпиондар «Динамо Барысы» белбеулерімен, кубоктармен және грамоталармен марапатталады.
Фото: ашық дереккөздерден