Облыста 1 айдың ішінде азық-түлік құны 6,6% — ға, ал жылдық көрсеткіш бойынша 16,4% — ға өсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Еnergyprom.kz сарапшыларының деректеріне сәйкес Қазақстанда осы жылдың наурыз айында азық-түлік бағасы 5,8% — ға және бір жылда 15,4% — ға шарықтаған.
СҚО-да баға 16,4% — ға өскен. Біздің өңірдің алдында Ақтөбе облысы тұр. Онда азық — түлік тауарларының құны 18,5% — ға, Түркістан облысы мен Шымкентте — 17,2% — ға, Жамбыл облысында — 16,7% — ға көтерілген.
Азық-түлік тауарларының барлық түрлері бойынша бағаның айтарлықтай өсуі байқалды. Атап айтқанда, жемістер мен көкөністер бірден 25,9% — ға қымбаттап кеткен. Қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнімдер — 24,7% — ға, май — 17,4% — ға, нан-тоқаш өнімдері мен жармалар-13,6% — ға, балық және теңіз өнімдері — 13,1% — ға, ет — 12,9% — ға қымбаттады, сүт өнімдері — 11,8%-ға өсті.
Азық-түлік бағасының қымбаттауы тек Қазақстанға ғана тән емес. Бар әлемде қымбатшылық екі бүйірден қысып барады, дейді сарапшылар.
Фото: ашық дереккөздерден