Петропавлда дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай іс-шаралар өткізілуде

Авторы: Qyzyljar News

23 сәуір — Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні. Осы мереке қарсаңында облыстық әділет департаменті Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханамен бірлесіп «Авторлар мен жазушылар оқырмандар үшін » атты кездесу өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кітап күнін мерекелеу дәстүрі Каталонияда пайда болған. 1995 жылы Парижде ЮНЕСКО-ның Бас Конференциясы осы күні кітаптар мен авторларға құрмет көрсетуді ұйғарды. Әсіресе жастарды оқуға ынталандыруға және адамзаттың әлеуметтік-мәдени прогресіне ықпал еткендердің ажырамас үлесін құрметтеуге шақырды.

-Мереке қарсаңында жазушылар мен жас оқырмандарды шақырып, кітап оқу қаншалықты маңызды екенін айттық. Расымен, кітап ғылым мен білімге, мәдениетке, ізгілікке баулитын құрал. Жиынға қатысушыларға солтүстікқазақстандық авторлар жайлы баяндап, жерлестеріміздің қандай тақырыптарды көтеретінін талқыладық, — деді облыстық әділет департаментінің бөлім басшысы Самат Тоққожин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz