Зейнетақы қорындағы қаражатты алған солтүстікқазақстандықтардың 85 пайызы ақшаны баспанаға жұмсаған

Авторы: Qyzyljar News

Былтыр облыста 12095 адам зейнетақы қорындағы шекті мөлшерден асқан соманы пайдаланған. Ал биыл 14867 тұрғын бірнеше жыл жинаған ақшасын қажетіне  жұмсады,   деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

3,5 ай ішінде 16892 адам тұрғын үй жағдайын жақсартуға өтініш жазыпты.

-Солтүстікқазақстандықтар тұрғын үй жағдайын ғана жалпы сомасы 30,5 млрд теңгені пайдалану үшін өтініш берді. Бұл барлық өтініштердің — 92 %-ы. Алайда тек 9,75 млрд теңгенің 12446 өтініші орындалды. Жалпы СҚО салымшыларының арнайы шоттарына 11,4 млрд теңге түсті. Қанағаттандырылған өтініштер саны – 14867, соның ішінде 28 адам 13 млн теңгесін инвестициялады, — дейді БЖЗҚ СҚО филиалының бөлім басшысы Ғалия Мұқанова.

Биыл СҚО тұрғындарынан 17 мыңға жуық өтініш түссе, былтыр жыл бойына 16 мыңнан астам тұрғын зейнетақы қорындағы қолжетімді соманы пайдаланбақ болған.

-Өтініштердің 95,49 %-ы, яғни 14637-сі – тұрғын үй жағдайын жақсартуға, 3 %-ы — 1629-ы – емделуге және 95-і қолжетімді соманы инвестициялық портфельді басқарушыларға аудармақ болды. Жалпы сома 43,3 млрд теңгені құрады. Бірақ 12095 адамның ғана өтініші қанағаттандырылды. Осылайша олар 19,3 млрд теңгені қалауы бойынша жұмсады, — дейді Ғалия Мұқанова.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz