Солтүстікқазақстандық ақындар Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесті

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Замандастар жырлары»  жобасы аясында «Ақынын ұлықтаған ел бақытты» атты жергілікті ақындардың шығармашылығына арналған кездесу  өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қызылжар жерінде өсіп-өнген талантты ақындар аз емес. Мектепте ұйымдастырылған кездесуге  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Аманжол Зағыпарұлы,  облыстық халық шығармашылығы орталығының  бөлім басшысы,  «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» РҚБ СҚО бойынша филиалының директоры,  Ерік Асқаров атындағы облыстық жас ақындар мектебінің жетекшісі, республикалық ақындар айтысының жүлдегері, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Жарқын Жұпархан,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, облыстық «Солтүстік Қазақстан» газеті бас  редакторының бірінші орынбасары Нұргүл Оқашева, жас талапкер  Самрат Құскенов қатысты.  Шара барысында мектеп оқушылары жергілікті қаламгерлердің шығармашылығы жайында сұхбат құрып,   ақындардың  өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Мектептің 12 сынып оқушысы Мағжан Мақтабек шара барысында  Жарқын Жұпарханмен айтысып, жиналғандарға тамаша көңіл-күй сыйлады. Кездесудің екінші бөлімінде оқушылар   ақындармен жақынырақ танысып, олармен сұхбаттасты. Қаламгерлер оқушылармен өлең өрімдерін шебер қиюластырудың тәсілдері жайлы айтып, ағалық кеңестерін берді. Жас  ақын Махаббат Тоқтар Нұргүл Оқашевамен кездесуден кейін поэзияға деген құштарлығы артқанын айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz