Кітап оқыған озар: жастарды елең еткізер кітаптар тізімі

Авторы: Qyzyljar News

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні 1995 жылы 15 қарашада ЮНЕСКО-ның 28-сессиясында ресми  белгіленді. Содан бері  бұл мереке жыл сайын 23 сәуірде аталып өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Халықаралық кітап және авторлық құқық күні –  кітап өндірісінің, әдебиеттің, ғылымның айналасында жүрген азаматтарға ортақ мереке. Бұл күні шығармашыл жандардың еңбегі халықаралық деңгейде әспеттеледі.

Бүгінде қазақстандық баспалар бұрынғы сарыннан бірте-бірте арылып, заманауи бағытты ұстануға көшті. Керекті техникаларды алдырып, кітап қорын жаңартып, нәтижелі  жұмыс істеуде.

Қазіргі таңда жазушылар, ақындар, ғалымдар өз кітаптарын әлеуметтік желі арқылы жарнамалауды, түрлі ақпараттық сайттар арқылы көрсетуді   қолға алды.

Бүгін біз жаңа, заманауи бағытта жазатын ақындар мен олардың шығармашылығына тоқталамыз. Қазіргі таңда жастар көбінесе психологиялық, мотивациялық бағытта жазылған кітаптарды оқуға құмар. Әсіресе, Қуаныш Шоңбайдың «Екінші болма» кітабы жастар  арасында сұранысқа ие. Туынды «Өзіңді қалай дамыту керек?», «Қандай фильмдер, кітаптар оқу керек?», «2,5 жылда қалай 10 мейрамхана ашуға болады?» деген сұрақтарға жауап береді. «Екінші болма»қазақ тілді ортаның психологиясына ыңғайлы етіп жазылған. Туынды қарапайым,   оқып отырған кезде автордың өзімен тілдескендей боласыз. «Екінші болма» кітабы – автордың ізденістері, жинаған тәжірибесі мен жеткен жетістіктерінен туған қайталанбас туынды. Жалпы, кітап оқыған адамға шабыт сыйлап, жетістікке жетуге септеседі.

Бақытжан Бұқарбайдың «Күнкөрістен кет, байлыққа жет!»  кітабы да осындай шығармалардың бірі. Саясаттанушы, журналист, Бақытжан Бұқарбай кітапта қазақ кәсіпкерлерінің, соның ішінде Forbes тізіміндегі бизнесмендердің ең таңдаулы тәжірибесімен таныстырады. Кітапта Шынар Бұғымбаева, Райымбек Баталов, Марғұлан Сейсембай, Арманжан Байтасов, Нұрлан Смағұлов, Елдар Әбдіразақов,   Қуаныш Шоңбай сынды бизнесмендердің тәжірибелері көрсетілген.

Психолог Кәмшат Бекжігітованың«Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт»    деп аталатын  туындысы аз ғана уақытта қазақ тіліндегі бестселлерге айналып үлгерді деуге болады. Автор әлемдік психологтардың кеңестерін өзінің өмірлік тәжірибесімен ұштастырып, оқырманға ұсынады. Кітапта өзіңді бағалау, ойыңды өзгерту, сабырлы болу, денсаулықты сақтау сияқты тақырыптарға қатысты түрлі кеңестер айтылады. Сондай-ақ, алған білімді жүзеге асырғысы келетіндерге ішінде арнайы практикалық тапсырмалар да бар.

«Қош бол, қиындық!», Назила Слямқызы. Туындыда жалпы білім мен өмір сүрудің қарапайым қағидаларын байланыстыру арқылы арманды қалай мақсатқа айналдыруға болатындығы жазылған. Назила Слямқызы шығармада өзінің өмірлік тәжірибесі жайлы баяндайды. Өзінің  сырын, қандай қиындықтарға душар болғанын ашық айтады. Дәл осы «фишкасы» арқылы оқырманның сеніміне кіріп, мимен жұмыс істеудің қаншалықты маңызды екенін санаға жеткізеді.

«Тенгрианец», Бекарыс Нуржан, Муслим Болат. Бұл кітап жас авторлардың Борхес пен Хантер С. Томпсонның үздік шығармалары рухында жазылған алғашқы әңгімесі. Әзіл-сықақтың жергілікті бояумен үйлесуі, авторлардың сүйікті жазушыларына сілтеме жасау, масскультке және жергілікті ауқымдағы атақты адамдарға «сәлемдесулер» арқылы жіберілген әдейі анахронизмдер мен пасхалкалар қазіргі заманғы қазақстандық әдебиетте кейіпкерлердің оқиғасын жаңа сөзбен айтуға уәде береді.

Бұл қазіргі таңда адамды алға жетелеп, кәсіппен айналысып, қалаған өміріңді сүруге үйретіп, қоғамдағы проблемаларды айтатын кітаптардың бір парасы ғана. Бүгінде авторлар заманауи бағытты ұстанып, өз оқырманын табудың әдіс-тәсілін меңгергендей.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz