Эпидемиолог: безгек – қауіпті ауру

Авторы: Qyzyljar News

Безгек — әлемдегі ең көп таралған аурулардың бірі. Жыл сайын Африка, Азия, Латын Америкасы және Еуропаның кейбір елдерінде 500 миллионнан астам адам ауырып, олардың миллионнан астамы қайтыс болады. Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Салтанат Бекумова аурудың қалай дамып, қаншалықты қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Безгек- бұл қан паразиттерінен туындайтын ауру. Ауру адамнан маса арқылы жұғады. Сондай-ақ инфекция қан құю кезінде де берілуі мүмкін.

-Безгек маса арқылы адам ағзасына еніп, алдымен қанға, сосын бауырға еніп, бауыр жасушаларында дамиды. Безгектің 4 түрі бар: тропикалық, үш күндік, төрт күндік және сопақ-безгек,-дейді Салтанат Бекумова.

Маманның айтуынша, аурудың инкубациялық немесе жасырын кезеңі 7 күннен бірнеше айға дейін, тіпті жылдарға дейін созылады.

Безгектің клиникалық белгілерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ауру кезінде адамның денесі қалтырап, қызуы көтеріледі, басы ауырады, құсқысы келіп, жүректің соғуы жиілейді. Мұндай мазасыздық 6-8 сағатқа созылуы мүмкін. Уақтылы емделмеген жағдайда науқаста бауыр мен көкбауыр ұлғаяды.

-Безгек түрлерінің ішінде тропикалығы аса қауіпті. Бұл түр анемия, сарғаю, құрысулар, неврологиялық ауруларға, өкпенің ісуіне әкелуі мүмкін, дейді эпидемиолог.

2021 жылғы 20 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстан Республикасына «Қазақстанның безгектен азат ел ретіндегі мәртебесін тану» сертификатын берді. 2022 жылдың 1 тоқсанында Мозамбиктен, Африкадан безгек әкелінген.

-Безгектен сақтану үшін шет елге демалысқа шығардан бір апта бұрын безгекке қарсы препаратты қабылдау керек. Өзге мемлекетке барғаннан кейін де сақтанып, дәрі ішкен абзал. Препаратты қанша уақыт қабылдауды дәрігер белгілейді, — деді маман.

Сондай-ақ, Салтанат Бекумова солтүстікқазақстандықтарды масаға қарсы түрлі жақпамайларды қолдануға шақырады.

-Айтылған сақтық шаралары мен жеке бас гигиенасын сақтап, дәрігер көмегіне уақытылы жүгіну денсаулықты сақтауға септеседі,-дейді эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz