Петропавлда 16 жастағы қыз жардан құлады

Авторы: Qyzyljar News

24 сәуір күні «102» байланыс арнасына Жеңіс саябағында бір қыздың жардан құлап кеткені туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына полицейлер, жедел жәрдем мен құтқарушылар жетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Полицейлер жардан құлаған қыздың 2005-жылы туғанын, қаладағы оқу орындарының бірінің студенті екенін анықтады. Қазіргі күні ол ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды.

-Тәртіп сақшылары осыған ұқсас фактілердің алдын-алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жеңіс саябағының аумағында «Модуль» стационарлық бекетінде тәулік бойы кезекшілік атқарады. Қоршау мен басқа да инфрақұрылым объектілерін бақылау ішкі істер органдарының құзыретіне кірмейді,-деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz