Азық-түлік қымбаттағаны үшін облыс әкімінің орынбасарлары жауапқа тартылады

Авторы: Qyzyljar News

Бағаны ұстап тұру бойынша тиімді жұмыс істей алмаған облыс әкімдерінің орынбасарлары жазаланады. Бұл жайында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев өткен аптада елімізде азық-түлік бағасы орта есеппен 0,6% -ға өскенін хабарлады. Пияз 2,9%-ға, қырыққабат – 2,8%-ға, құс еті– 2,5%-ға, сәбіз– 2,3%-ға, қант 1,5%-ға қымбаттаған. Өңірлер арасында ең жоғары баға Нұр-Сұлтан (0,9%) мен Алматыда (0,8%) тіркелген.

— Мен бірнеше рет «айналым схемасын» қаржыландыруды арттыруды тапсырдым, алайда бүгінде жұмыс тиісті деңгейде орындалған жоқ. Осы айдың аяғына дейін қаржыландыруды 100 млрд теңгеге дейін ұлғайту қажет. Бұл көрсеткішті жоспарланған деңгейге жеткізбеген өңірлерде әкімдердің аталған салаға жауапты орынбасарларына тиісті шара қолдану туралы ұсыныстар қаралатын болады, — деді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.

Фото: Akorda-ның баспасөз қызметінен

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz