Сергеев гидроторабында су деңгейі әлі де көтерілуде

Авторы: Qyzyljar News

Қазгидромет өңірлік филиалының мамандары Есіл өзенінің қазіргі жағдайын баяндады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Сергеев гидроторабындағы бөгеттен асқан судың биіктігі 43 сантиметрге жетті. Жалпы су деңгейі бір тәулікте 1-ден 83 сантиметрге дейін көтерілді. Покровка және Новоникольское ауылдарының тұсында су деңгейінің 40-51 сантиметрге жоғарылағаны байқалды. Есіл өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейі 83 сантиметрге көтерілді. Бұған Петропавл гидроторабынан жіберілген су тікелей әсер етті, дейді метеорологтар.

Сергеев су қоймасы толып жатыр. Бір күнде ол 4 сантиметрге көтеріліп, 843 сантиметрге жетті, көлемі 744 миллион текше метрді құрады. Үлкен Тораңғұл көлінде су деңгейі өзгерген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz