Құмар Ақсақалов Сенаттағы Үкімет сағатында сөз сөйледі

Авторы: Qyzyljar News

Сенатта өткен Үкімет сағатында сөз сөйлеген СҚО әкімі Құмар Ақсақалов облысты «Сарыарқа» газ құбырына қосу тиімді екенін, ал өңірді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін барлық қажетті параметрлер магистральдық газ құбыры жобасына енгізілгенін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— СҚО-ның 457 мың халқы бар 139 елді мекенге газ тарту үшін 140 млрд теңге қажет. Жылына шамамен 2 млрд текше метр газ қажет, — деді өңір басшысы.

Бүгін СҚО әкімдігі » Интергаз Орталық Азия «АҚ-мен бірлесіп тиісті жұмысты бастап кетті. Сонымен қатар, инвесторларды тарту және  кәсіпкерлерлікті дамыту үшін  газ құбырын  салу  қажет. Газдың болмауы инвестиция тартуды тежеуші фактор. Барлық заманауи технологиялық жабдықтар газға бейімделген.

-Биыл Петропавл №2-ЖЭО-да апат орын алғаны баршаға мәлім. Бүгінгі таңда меншік иелері келесі жылыту маусымына дайындалып, жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, №2-ЖЭО мүмкіндігін ескере отырып, 2026 жылға қарай қалада жылу қуатының тапшылығы сезілуі мүмкін.Өңірді газдандыру ірі кәсіпорындар мен нысандарды үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, осылайша №2-ЖЭО жүктемесін азайтады, — деп атап өтті СҚО әкімі.

Сондай-ақ Құмар Ақсақалов жеке тұрғын үйлер мен орталық қазандықтарды газға ауыстыру кезінде ластаушы заттардың  азайып, тұрмыстық жағдайлар жақсаратынын, халықтың қоныс аударуы мен кетуі мәселелері шешілетінін айтты. Жалпы өңір экономикасы үшін айтарлықтай оң нәтиже берері сөзсіз.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz