Солтүстікқазақстандық каратэшілер Қостанай облысының ашық біріншілігінде жеңіске жетті

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстікқазақстандық жас каратэшілер Қостанай облысының ашық біріншілігінде жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Кекушинкай-каратэден өткен турнирге еліміздің 10 өңірінен мыңға жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Додада 6 мен 17 жас аралығындағы спортшылар өзара бақ сынады. Өңір намысын 130 каратэші қорғап, қоржынға 21 алтын, 12 күміс және 26 қола медаль түсті. Осылайша солтүстікқазақстандық спортшылар жалпыкомандалық есепте алға шықты. Ал екінші орынға Батыс Қазақстан облысы, үшінші сатыға Ақтөбе облысының спортшылары тұрақтады.

-Жыл сайын Қостанай қаласындағы ашық біріншілікке барамыз. Биыл команда сапында аталмыш турнирге алғаш рет қатысқандар да болды. Каратэшілеріміз кумитэ сынында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанды, – дейді «Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының жетекшісі Владимир Витченко.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz