СҚО-да қарақұмық, күнбағыс және жасымықтың алқабы ұлғайды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысының шаруалары егіс науқанына дайындықты бастады. Диқандар 2708,5 мың гектар алқапта ылғал ұстау жұмыстарын жүргізді, дегенмен бұл жоспардың 63,5% — ы ғана. 64,6 мың тонна тұқымды далаға шығарып, себуге даярлауда. Бұған қоса 10,1 мың тонна тұқым дәріленді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл 4,3 миллион гектарға дән сіңірмек. Соның ішінде дәнді және дәнді — бұршақты дақылдарға — 3 миллион, майлы дақылдарға — 1 миллион, жем-шөпке — 332,3 мың, картопқа — 32 мың, көкөністерге — 6,2 мың гектар жер бөлінген.

— Әлеуметтік маңызы бар қарақұмық алқабы шамамен 10 мың гектарды құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3 мыңға көп. Сондай — ақ, ауыл шаруашылығын әртараптандыру аясында жасымықтың алқабы 50,1 мың гектарға дейін, күнбағыс алқабы 103,3 мың гектарға дейін ұлғайтылды, — деп хабарлады басқарма өкілдері.

СҚО-да 2,7 миллион гектарға 170 мың тоннадан астам минералды тыңайтқыш енгізу жоспарлануда.

— 125,2 мың тонна минералды тыңайтқыштар сатып алуға шарт жасалды, 119,2 мың тоннасының ақшасы төленді, оның 73,5 мың тоннасы жеткізілді. Биыл минералды тыңайтқыштарды сатып алуды субсидиялауға жергілікті бюджеттен 6,5 миллиард теңге, республикалық бюджеттен қосымша 4,7 миллиард теңге бөлінді, — деп атап өтті ведомствода.

Ауыл шаруашылығы басқармасы биыл шаруашылықтар тұқыммен толық қамтамасыз етілгенін атап өтті. Сорттардың 9,2% -ы жаңартылды. Техникалық жарақтандыру бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Машина — трактор паркі көктемгі дала жұмыстарына сақадай сай әзір. Егіс науқанына 12,9 мың трактор, 15,1 мың астық сепкіш, 1,4 мың өнімділігі жоғары заманауи егіс кешені жұмылдырылады. Жыл басынан бері 16 миллиард теңгеге 702 техника, оның ішінде 127 трактор, 22 егіс кешені және 186 астық сепкіш сатып алынды.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 71 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жанар-жағар май жеткізетін операторлар анықталды.

— Егін себу кезінде дизель отынының бағасы литріне 210 теңгеден аспайды. Оны жеткізу наурыз-мамыр кестесі бойынша жүзеге асырылады. Жағдайды бақылау үшін көктемгі дала жұмыстарын жүргізу бойынша жедел штаб құрылды. Туындаған мәселелер жедел шешіледі, — деді басқарма өкілі.

Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz