Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің СҚО бойынша департаменті мамандары қашықтан жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша 91 ұсыным жазды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Биыл 1-інші тоқсанда ведомство мамандары жоспардан тыс 4 тексеру жүргізді. Нәтижесінде бір кәсіпорынға айыппұл салынды.
— «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ техникалық бұзушылық жайлы департамент қызметкерлеріне дер кезінде хабарлама бермеген. Осыған байланысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 301-ші бабы бойынша іс қозғалып, 612 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Бүгінде қаржы толығымен мемлекет қазынасына түсті, -деді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаментінің бас маманы Жәмила Әбдіқасымова.
Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев