«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII съезінің қорытындысы

Авторы: Qyzyljar News

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAТ» партиясының кезектен тыс съезінде Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың кандидатурасын партия төрағасы қызметіне ұсынды. Делегаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Съезге қатысушылар Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың кандидатурасын бірауыздан қолдады. Сонымен қатар, кезектен тыс жиында Ата заңға енгізілетін өзгерістер талқыланды.

-Ата заңға өзгертулер енгізбей, белгіленген ауқымды өзгерістерді тиімді жүзеге асыру мүмкін емес екені түсінікті. Конституциялық реформаның мақсаты — елді бұдан әрі саяси реформалауға мығым іргетас қалау. Өткен аптада түзетулер жобасы Конституциялық кеңеске жолданды,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгінгі съезде «AMANAT» пен «ADAL» партиялары бірікті.

— Саяси жүйені дамыту өте маңызды. Сондықтан мен «ADAL» партиясының бастамасын қолдап, AMANAT партиясымен бірігуі дұрыс деп санаймын. «ADAL» өзінің жақтастары бар партия. Бұл саяси бәсекелестікті арттыруда маңызды рөл атқарады. Осылайша көшбасшы партияға қосылған саяси ұйым одан әрі жаңғырып, күшеймек,-деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII съезінде сөйлеген сөзінде.

Фото: Егемен Қазақстан

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz