СҚО-да 1 түнде 8 мас жүргізуші ұсталды

Авторы: Qyzyljar News

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері облыс жолдарында 1 түн ішінде 8 мас жүргізушіні ұстады. Заң бұзушылардың үшеуі Петропавл маңында қолға түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сәуірдің 24-і күні Есіл ауданында 29 жастағы жігіт тізгіндегін «ВАЗ 2112» автокөлігі қарсы бағытта келе жатқан «Lada Granta» көлігіне соғылған. Салдарынан «Лада» көлігіндегі әйел мен кішкентай бала аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жолаушылар үйіне жіберілген.

Медициналық куәландырудың қорытындысы бойынша «ВАЗ» көлігінің жүргізушісі мас болғаны анықталды. Ол кезекші бөлімнің қасындағы арнайы орынға қамалды. Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 3-бөлімі бойынша материал толтырылды. Өзі мен өзгенің өміріне немқұрайлық танытқан жігіт 20 тәулікке қамауға алынып, көлік басқару құқығынан 7 жылға айырылуы мүмкін.

-Мас күйде көлік жүргізу – өте қауіпті, көлік апатына түсуі мүмкін. Былтырғы жылдың бірінші тоқсанында мас жүргізушілердің кесірінен облыста 21 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан, 3 адам қаза тауып, 2-уі жарақат алды,-дейді облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Айдын Байматов.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz