Ресейде солтүстікқазақстандық майдангердің сүйегі табылды

Авторы: Qyzyljar News

Сәуірдің 26-сы күні «Мужество» іздестіру жасағы Ленинград облысы аумағында Қызыл Армия жауынгерлерінің сүйегін тапты. Зерттеу барысында біреуі Солтүстік Қазақстан облысынан шақыртылған Иван Калинович Хиздікі екені анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сарбаздың туыстарын табу үшін ресейліктер павлодарлық «Майдан жолы» ізшілер жасағына жүгінген. Иван Хиз Қазақ КСР, Солтүстік Қазақстан облысы, Полудин (Совет) ауданы, Ленин ауылдық кеңесі, Полтавка ауылында дүниеге келген.

-Майдангер 1941 жылғы 19 шілдеде Полудин аудандық әскери комитетінен әскерге шақыртылған. «Туыстар» бөлімінде анасы Хиз Якулина Михайловна мен Жилова Ольганың есімі жазылған, — деді іздеу жасағының директоры Александр Шитов.

Сүйегі табылған сарбаз хабар-ошарсыз кеткен жандардың тізіміне енген. Осыған байланысты іздестірушілер тұрғындарды бей-жай қарамай, марқұмның жақындарын табуға жәрдемдесуге шақырады.

Александр Шитовтың фотосы

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz