Енді елімізде “мүгедек”, “соқыр”, “саңырау”, “мылқау” деген терминдерді қолдануға болмайды

Авторы: Qyzyljar News

Парламент мәжілісі мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері туралы Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат бойынша 75 заңнамалық актіге, яғни 11 кодекс және 64 заңға өзгерістер енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Заң жобасында мүгедек адамдарға қатысты дискриминацияға жол бермеу мақсатында бірқатар нормалар енгізіліп отыр. Оның ішінде, «мүгедек», «мүгедек бала», «Ұлы Отан соғысының мүгедегі» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адам», «мүгедектігі бар бала» және «Ұлы Отан соғысы кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы және ауруы салдарынан мүгедектігі бар адам» деген сөздермен ауыстырылады, — деді депутат Елнұр Бейсенбаев.

Сонымен қатар, заң жобасымен жұмыс істеу барысында депутаттар «соқыр», «саңырау», «мылқау» деген терминдерді «көру қабілетінен толық айырылған адамдарға», «есту қабілетінен толық айырылған адамдарға», «сөйлеу қабілетінен толық айырылған адамдарға», «мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы» деген терминді «мүгедектігі бар адамның абилитациясы және оны оңалтудың жеке бағдарламасына» өзгерту жөніндегі заң жобасының тұжырымдамасына сәйкес келтіруге бағытталған түзетулер енгізді.

Оңалту, мүгедектіктің алдын алу және осы бағыттағы атқарылып жатқан қызметтерді біріздендіру мақсатында «абилитация» түсінігі енгізілді.

Фото: parlam.kz Елнұр Бейсенбаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz