Петропавлда футболдан қала мектептері арасында турнир өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Қала мектептері арасындағы турнир аяқталды. Балаларды спортқа тартудың маңыздылығы туралы айтудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Өйткені, балалардың көбі уақытын гаджеттерге жұмсайды, сондықтан оларды спортқа тарту мәселесін назарда ұстауымыз керек. Сонымен қатар, Петропавлда 105 шағын футбол алаңы, 82 көше тренажерлары кешені бар екенін, «Динамо»стадионын реконструкциялау аяқталғанын атап өткім келеді. Ағымдағы жылы қала тұрғындарының өтінішін ескеріп, аулалардағы спорт алаңдарын жөндеуге 50 млн теңге бөлінді, — деп жазды Болат Жұмабеков өз парақшасында.
Сондай-ақ, былтыр қалада тұрғын үйлердің аулаларында балаларды бұқаралық спортқа тарту тетігі сынақтан өткенін атап өтті. Кәсіби жаттықтырушылар Петропавлдың 15 ауласында тегін сабақ өткізді.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейі иеленді. Екінші орын Абай атындағы -мектеп гимназиясының еншісінде. Ал үшінші орынға 23-інші орта мектеп оқушылары тұрақтады.