Петропавлда қала мектептері арасында футболдан турнир өтті

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда футболдан қала мектептері арасында турнир өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Қала  мектептері арасындағы   турнир аяқталды. Балаларды спортқа тартудың маңыздылығы туралы айтудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Өйткені, балалардың көбі уақытын гаджеттерге жұмсайды, сондықтан оларды спортқа тарту мәселесін назарда ұстауымыз керек. Сонымен қатар, Петропавлда 105 шағын футбол алаңы, 82 көше тренажерлары  кешені бар екенін, «Динамо»стадионын реконструкциялау аяқталғанын атап өткім келеді. Ағымдағы жылы қала тұрғындарының өтінішін  ескеріп, аулалардағы   спорт алаңдарын жөндеуге 50 млн теңге бөлінді, — деп жазды Болат Жұмабеков өз парақшасында.

Сондай-ақ,  былтыр  қалада тұрғын үйлердің аулаларында балаларды бұқаралық спортқа тарту тетігі сынақтан өткенін атап өтті. Кәсіби жаттықтырушылар Петропавлдың 15 ауласында тегін  сабақ өткізді.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Мағжан Жұмабаев атындағы  IT-мектеп-лицейі иеленді. Екінші орын Абай атындағы -мектеп гимназиясының еншісінде. Ал үшінші орынға    23-інші орта мектеп оқушылары тұрақтады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz