Жеңістің 77 жылдығын тойлау қарсаңында ұйымдастыру комитеті облыс тұрғындарын ардагерлер мен аға буын өкілдеріне қолдау көрсету мақсатында жыл сайын өткізілетін қайырымдылық сенбіліктері мен акцияларына ат салысуға шақырады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Біз еліміз бен жерімізді қорғап қалған ардагерлерімізді құрметтеп, олардың уайымсыз өмір сүруі үшін қолдан келгенін жасауға міндеттіміз. Әсіресе алдағы мереке күндері аға буын өкілдеріне барынша көңіл бөліп, қамқорлық жасауымыз керек. Барша солтүстікқазақстандықтарды 2022 жылғы 30 сәуірде қайырымдылық сенбілігіне қатысуға шақырамыз, делінген ұйымдастыру комитеті таратқан хабарламада.
Фото: ашық дереккөздерден