29 сәуірден бастап Бөкетов көшесінің Жамбыл мен Нұрсұлтан Назарбаев көшелері аралығында жөндеу жұмыстары жүргізілетініне байланысты көлік қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде аталған учаскеде суағарлар орнатып, көшені абаттандыру жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.
-Жоба екі жылға арналған. Жұмыс 2021 жылы басталған болатын, биыл аяқталады деп жоспарланып отыр. Жұмыс бітпейінше көше жабық болады,-деді ТҮКШ бөлімі мамандары.
Фото: ашық дереккөздерден