Петропавлда Бірлік күні кеңінен тойланады

Авторы: Qyzyljar News

Биыл Петропавлда 1-інші мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнін ашық аспан астында, кең көлемде атап өту жоспарланып отыр. Нақтырақ айтсақ, мереке қарсаңында қалада әр түрлі көрмелер, концерттер мен фестивальдар, театрландырылған қойылымдар, сондай-ақ шеберлік сыныптары мен спорттық жарыстар өткізілмек, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдік өкілдерінің мәліметінше, іс-шаралар облыс орталығының түрлі аудандарында ұйымдастырылады. Мерекенің ашылу салтанатын сағат 11.00 – де орталық алаңда өткізу жоспарланған. Осы уақытта көңіл көтеруге арналған «Достық планетасы» интерактивті алаңы өз жұмысына кіріседі. Сонымен қатар, қыз-келіншектерге арналған «Радуга красоты» бьюти-аймағы ұйымдастырылады. «Достық шаңырағының астында» атты фотозона, сондай-ақ, әшекей-бұйымдар жасаудан түрлі шеберлік сағаттары да қалалықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік береді.

Қазақстан халқы ассамблеясы алдында сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін «Бірлігіміз жарасқан!», сағат 17-00- 18-00 аралығында «Теріскей» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің концерті ұйымдастырылады. Сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін Жеңіс саябағында балаларға арналған театрландырылған ойын бағдарламаларын өткізу жоспарланған. Сағат 17.00-де ашылады. Сол күні Qyzylzhar ART-орталығы жұмысын қайта бастайды. Бұл жерде қолөнер шеберлерінің көздің жауын алатын бұйымдары мен » Достық. Елдік. Бірлік» фотосурет көрмесі ұйымдастырылады. Сонымен қатар, әуежайға апаратын тас жолда велошабандоздар бақ сынамақ.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz