Петропавлдағы Горький көшесі кеңейтіледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда Горький көшесінің Сүтішев — Петров көшесіне дейінгі аралығында жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жоба аясында жолдың көлік жүретін бөлігі 15 метрге дейін кеңейтілмек. Бүгінде жолдың жалпақтығы  10-12 метр ғана.   Сонымен қатар, аталған аумаққа жаяу жүргіншілер жолы мен 92 жарық  бағаны,   ұзындығы 2,1 шақырым    суағарлар, оңтайлы бұрылыстар жасалады, оған қоса  автопавильондар мен  жол белгілері  орнатылады. Көше бойына жасыл желек отырғызу да жоспарланып отыр.

Көшелер кезекпен жабылады. Алдымен Сүтішев көшесінен Мұқанов көшесіне дейінгі учаске, кейін Ульянов көшесінен Попов көшесіне дейінгі аралық, содан кейін Мұқанов көшесінен Партизан көшесіне дейінгі  аумақ жабылады.

Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz