Мас күйде көлік тізгіндеген петропавлдық адам соқты

Авторы: Qyzyljar News

«Toyota RAV-4» автокөлігін мас күйде тізгіндеген петропавлдық 49 жастағы әйелді соғып кетті. Оқиға 13-інші сәуір күні кешке Уәлиханов көшесінде болған. Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qyzyljarews.kz тілшісі.

Ол аздай, ішіп алып рөлге отырған азамат  «Volkswagen» автокөлігімен соқтығысқан. Екі көлік те зақымданды. «Toyota» жүргізушісі 54 жастағы қала  тұрғынының мас болғаны расталды. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345- інші  бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Аталған бап бойынша 54 жастағы ер адам 15 тәулікке қамалып, ең кемінде 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Әрі 7 жылға дейін көлік басқару құқығынан айырылады. Сараптамалар тағайындалып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

-Жалпы 3 айдың ішінде облыс аумағында мас жүргізушілердің кесірінен 4 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 3 адам қаза тауып, 2-уі жараланды. Жыл басынан бері өңірде 263 мас жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды,- деді облыстық  жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz