344
Кеше Сергеев гидроторабында су деңгейі төмендеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» облыстық филиалын мамандарының айтуынша, су бөгеттен тек 46 см биік көтерілген.
— Бір тәулік ішінде ол 2 сантиметрге төмендеді. Қоймадағы судың көлемі 748 млн текше метр. Ең жоғары көрсеткіш — 848 сантиметр кеше, 30-ыншы сәуір күні сағат 20:00-де тіркелді, — деп хабарлады «Қазгидромет»мамандары.