Петропавлда Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда жауын мен  дауылға  қарамастан Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шара өтті, деп хабарлайды Qyzyjarnews.kz  тілшісі.

Бүгін қала әкімдігі алдында мерекенің лебі есіп тұрды.   Облыстың шығармашылық ұжымдары көрермендерге Қазақстанды мекендейтін түрлі ұлттардың  биін билеп, әнін шырқады. Өкінішке қарай, жаңбырдың үдеуіне байланысты жоспарланған көрме өткізілген жоқ.  Дегенмен, мерекелік іс-шаралардың басым бөлігі балаларға арналды. Аниматорлар қызықты  ойындар ұйымдастырып,    жеткіншектерге тәтті сыйлықтар үлестірді.

Сондай-ақ, арнайы шатырлар тігіліп, қонақтарға тағамдар мен ыстық сусындар ұсынылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz