«Кызыл-Жар СҚ» футбол клубының бұрынғы бас жаттықтырушысы Андрей Карпович өз еркімен қызметінен кетті. Онымен бірге көмекшісі Денис Колодин мен клубтың физикалық дайындық бойынша жаттықтырушысы Борис Глушков та құрамадан шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Кызыл-Жар СҚ» футбол клубының жаңа жаттықтырушысы болып Али Алиев белгіленді. Ол 2015 жылы Петропавл клубына ауысып, футбол ойыншысы ретінде қола және күміс медальдарға ие болды.
2017 жылғы маусымда Али Алиев ерекше белсенділік танытып, оның командасы 8 жылдан кейін Премьер-лигада өнер көрсету құқығына ие болды. Осы кезеңде Али Алиев 75 матч өткізіп, қарсыластар қақпасына 6 гол соқты.
2019 жылы Али Алиев «Қызыл-Жар СҚ»командасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды.
2019 жылдың қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандық команда Бірінші лига турнирінде алтын медаль иеленіп, Премьер-лигаға қайта оралды. Али Алиев 2019 жылғы маусымдағы турнирдің үздік жаттықтырушысы болып танылды.
Сондай-ақ, кеше, 2-нші мамырда Петропавл мен Алматы клубтарының арасында матч өтті. «Қызыл-Жар СҚ» мен «Қайрат» тең түсті, есеп — 1:1.
Фото: ашық дереккөздерден