Қазақстандықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы денсаулық сақтау ұйымдарына барып, дәрігер көмегіне жүгіне алады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО-да МӘМС пакеті бойынша 41 медициналық мекеме қызмет көрсетуде. Оның 16-сы-жеке меншік. Тұрғындар емханадан жолдама алып, мекемелерге тұрғылықты жері бойы бойынша жүгіне алады.
— Біз тұрғындарға медициналық көмекті тек мемлекеттік ұйымдарда емес, сонымен қатар жеке меншік медициналық мекемелерде алуға болатынын жиі айтамыз. Яғни, солтүстікқазақстандықтар үшін учаскелік дәрігердің жолдамасымен Дея, Панацея ұйымдарының есігі ашық,-деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚО бойынша филиалының директоры Лариса Гордеева.
Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев