Петропавл қаласы әкімдігінде Жеңіс күні қайлай тойланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Жеңіс күнін мерекелеу бүкіл қала аумағында өтеді. Ардагерлерге құрмет көрсетіледі, ешкім назардан тыс қалмайды. Батырларымыздың есімін ұлықтау мақсатында мектептерде арнайы сынып сағаттарын, әскери-патриоттық іс – шаралар және мерекелік концерттер өткізу жоспарланған, — деп хабарлады жергілікті атқарушы органның баспасөз қызметі.
Қалалық әкімдік өкілдерінің айтуынша, Мәңгілік полк акциясы биыл республикалық Tengrinews.kz. порталында онлайн-режімде өтеді. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және көрші елдердегі геосаяси ахуалдың шиеленісуіне байланысты арандатушылыққа жол бермеу мақсатында осындай шешімге келген.
— Сонымен қатар, Мәңгілік алау, Даңқ обелискі секілді орындарға жекелей де, отбасымен жиналып та баруға болады. Және Ұлы Отан соғысына қатысушылардың портреттерін ұстап баруға тыйым салынбайды, — деді қалалық әкімдік өкілдері.