СҚО-да 132 әлеуметтік маңызды автобус бағыты бар

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да әлеуметтік маңызы бар бағыттар тізімін 132-ге дейін ұлғайту ұсынылды. Тиісті қаулы жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілердің сайтында орналастырылған, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, тізімге облыс және ауданішілік, қалалық,  қала маңындағы бағыттар енді. Өткен жылы   126 бағыт әлеуметтік маңыздылар санатына енген болатын.

Ұсыныс берушілердің ақпараты бойынша,  тізім  «тарифтердің қолжетімді болуы және Солтүстік Қазақстан облысының аумағында тұрғындардың  еркін жүріп-тұру мүмкіндігін қамтамасыз ету» үшін кеңейтілді. Петропавлда 13 саяжай, 11 қала маңындағы және 20 қалалық автобус қатынасы субсидияланады. Тұрғындармен кездесуде   Болат Жұмабеков саяжайшыларға маршруттарды субсидиялауға және автобустардың қозғалыс кестесіндегі мәселені шешуге уәде берді.

Фото ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz