Бүгін таңертең Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің студенті жатақхана маңында өз-өзіне қол жұмсады. Колледж әкімшілігі студенттің қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Марқұм болған бірінші курс студенті құрылысшы мамандағы бойынша білім алып жүрген. Өткен түні алкогольдік ішімдік ішіп, жатақханаға кірмек болған. Бірақ оны ішке өткізбей қойыпты. Өкінішке қарай, таңертең жатақхана маңынан оның мүрдесі табылды.
Фото: ашық дереккөздерден