Жыл басынан бері облыста 117 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оларға ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыстан қуылу түріндегі жаза тағайындалған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың алғашқы тоқсанымен салыстырғанда 20 пайызға азайған. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, қызметкерлердің көпшілігі өз міндеттерін дұрыс орындамаған көрінеді. Құқық бұзушылықтар көбі жергілікті атқарушы органдарда.
– Миссиямыздың бірі – мемлекеттік қызметшілерді заңсыз әрекеттерден сақтау және қорғау. Заңсыз әрекет жайлы бізге мемлекеттік қызметші хабарласа немесе өзіміз анықтасақ, тәртіптік іс ашамыз. Барлығын жіті қарастырамыз. Бұзушылық анықталса, жаза тағайындалады,-деді Дархан Кәрімжан.
Фото: ашық дереккөздерден