Биыл Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға екі рет мүмкіндік беріледі. Бірақ, осы екі мүмкіндікте талапкерлер бейінді пәндерді ауыстыра алмайды. Тестілеудегі жаңашылдықтар жайында Қазақстан Республикасы БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Әділет Тойбаев айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу 28 сәуірде басталып 14 мамырға дейін жалғасады. Өтініштерді қабылдау әдеттегідей Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жүргізіліп жатыр. Осы күнге дейін 130 мыңнан астам талапкер өз өтініштерін беріп үлгерді. Осы жылдың түлектері үшін аса маңызды жаңалықтың бірі — ол талапкердің екі рет негізгі ҰБТ тапсыруға мүмкіндік беріліп отыр. Демек, ҰБТ кезінде тестілеушінің тест тапсыруға екі мүмкіндігі бар. Екеуінің бірінің нәтижесін таңдап, конкурсқа қатыса алады, — деді Әділет Тойбаев.
Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді. Пәндердің саны өзгеріссіз қалады –3 міндетті және 2 таңдау бойынша. Тапсырмаларының саны – 120.
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев ҰБТ сұрақтарының базасына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тест тапсырмаларының санын өзгеріссіз сақтай отырып контекстік тест тапсырмалары енгізілгенін хабарлады. Мысалы, 15 сұрақтың 5-і контекстік сұрақтар болып табылады, яғни мәтінді оқып, оларға ауызша жауап беру керек.