СҚО-да топырақтағы ылғал қоры молайды

Авторы: Qyzyljar News

«Қазгидромет» мекемесінің облыстық филиалы мамандары өңірдегі егістік ақлқаптарындағы топырақтың ылғал қорын анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мамандар 19,7 мың га алқапты зерттеп, жердің үстіңгі 1 метр қабатында орта есеппен 11-163 мм ылғал қоры барын анықтады. Бұл норманың 9-114 %-ы. Қалыпты жағдайда 115-166 мм болуы тиіс. Ал Айыртау, Есіл, Ғабит Мүсірепов, Ақжар және Қызылжар аудандарында топырақтың метрлік қабатындағы ылғал қоры нормадан 48-91% -ға төмен. Қалған аудандарда нормаға жақын.

— Жүргізілген талдауға сәйкес СҚО аумағының 46 %-ында, яғни Жамбыл, Тимирязев, Аққайың, Уәлиханов, Тайынша аудандарының алқаптарында қанағаттанарлық және 23 %-ында — Мамлют, Мағжан Жұмабаев және Шал ақын аудандарында топырақтың ылғал қоры қолайлы. Көктемде өңір бойынша өнімді ылғал қоры күзгі көрсеткіштермен салыстырғанда 42% — ға артты. Егістік бетінді өнімді ылғал қоры 19-37 мм құрайды, бұл нормадан 28-43%-ға аз, — дейді филиал қызметкерлері. — дейді филиал қызметкерлері.

Жалпы топырақтағы ылғал қорына күзгі жауын-шашын, қыста түскен қар әсер етеді. Биыл күннің ерте жылуына байланысты, ылғалдың басым бөлігі буға айналып, жер құрғап қалды. Қазгидромет мамандары облыста егін себу науқанын 20 мамырдан кейін ғана бастау туралы ұсыныс жасады.

Pexels иллюстрациялық фотосы

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz