Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдум 5-маусымда өтеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

5-маусымда Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген тұжырымдағы сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылады.

Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу орталық референдум комиссиясының функцияларын атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына жүктеледі.
Қазіргі реформаның ерекшелігі – Президенттің өкілеттігін күшейту емес, мемлекетті жетілдіру, жаңғырту және нығайту.

-Біз бәріміз бір ел болып Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құрамыз. Әрбір азаматтың құқығы қорғалатын мемлекет боламыз. Бәріне бірдей мүмкіндік береміз. Әркім қарым-қабілетіне сай қоғамнан өз орнын иеленеді. Халықтың ой-санасы жаңғырып, өмір салты өзгереді. Біз мемлекеттік жүйені жетілдіріп, қоғам мен биліктің тиімді диалогын орнатамыз. Осылайша Екінші Республиканы қалыптастырамыз», — деді Қасым-Жомарт
Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, конституциялық реформа алда тұрған міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін қажет.

— Мен баршаңызды елдің ертеңі, ұрпақтың келешегі үшін референдумға қатысуға шақырамын! Ұлт мүддесіне сай бастамаларды қолдайсыздар деп сенемін! Еліміздің жарқын болашағы өз қолымызда! Бірге болайық! Береке-бірлігімізді нығайтайық! — деді Қазақстан Президенті.

Фото: ашық дереккөзден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz